Үкімет Қаулысымен Ветеринария саласында мемлекеттік мекемелердің тауарлар сату (жұмыстар, қызметтер көрсету) жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережелері бекітілді
АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Ветеринария саласында мемлекеттік мекемелердің тауарлар сату (жұмыстар, қызметтер көрсету) жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережелерін бекіту туралы» Үкімет Қаулысына қол қойды.
«Ветеринария саласында мемлекеттік мекемелердің тауарлар сату (жұмыстар, қызметтер көрсету) жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетудің ұсынылып отырған ережелері бекітілсін»,- делінген 2010 жылы сәуірдің 24-інде қол қойылған Үкімет Қаулысында.
Аталмыш қаулы алғаш ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.