Үкімет Қаулысымен «Ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламенті бекітілді

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов 2010 жылғы шілденің 31-індегі №768 Қаулысымен «Ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентін бекітті.

Үкімет  Қаулысымен   «Ядролық   және  радиациялық  қауіпсіздік»   техникалық регламенті бекітілді

«2004 жылғы қарашаның 9-ындағы «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынылып отырған «Ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентін бекітуді қаулы етеді», делінген құжатта.

Қаулы ресми жарияланғаннан бір жылдан кейін күшіне енеді.

Қаулының толық мәтіні республикалық БАҚ беттерінде бүгін жарияланып отыр.