Үкімет қаулысымен жазасын өтеуші адамдарды қадағалауда пайдаланылатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі бекітілді

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуші адамдарды қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі бекітілді.

Үкімет қаулысымен  жазасын өтеуші адамдарды қадағалауда пайдаланылатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі бекітілді

ҚазАқпарат аталған құжаттың мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1061

2012 жылғы 17 тамыз                     Астана, Үкімет Үйі

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуші адамдарды қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 53-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуші адамдарды қадаға­лау­ды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                 К.МӘСІМОВ.

Электрондық құралдардың тізбесі баспасөз беттерінде жарияланды.