Үкімет қаулысымен жекеменшік автомектептер жабылуда
АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Өзбекстанда республика үкіметінің қаулысына сәйкес жекеменшік автомектептер жабылып жатыр, деп хабарлайды Associated Press ақпарат агенттігі.
Құжатқа сәйкес, азаматтарды көлік жүргізуге, оны пайдалануға және жолда жүру ережелерін оқытумен қорғаныс министрлігінің «Ватанпарвар» бөлімшелері айналысады.
Өзбекстанның қорғанысына қолдау көрсетуші «Ватанпарвар» («Патриот») ұйымы 1992 жылы кеңестік ДОСААФ-тың негізінде құрылған.
Республика ІІМ мамандарының бағалауынша, жекеменшік автомектептердің жүргізушілерді дайындау деңгейі төмен және бірқатар техникалық талаптарға жауап бермеген.