ҮКІМЕТ ҚАЙДА ҚАРАП ОТЫР: Министрлер кабинеті бір сәттік көрсеткіштердің соңында жүр - Мәжіліс депутаты

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Үкімет бір сәттік көрсеткіштердің соңында жүр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Солевьева айтты.

ҮКІМЕТ ҚАЙДА ҚАРАП ОТЫР: Министрлер кабинеті бір сәттік көрсеткіштердің соңында жүр - Мәжіліс депутаты
Брифинг барысында «Қазақстан» ұлттық арнасы тілшісінің «Үкімет Елбасының сынынан сабақ алып, өңірлерде кемшіліктерді жою бағытындағы ілгерілеушілік бар ма», - деген сауалына жауап берген ол өңірлерде еш ілгерілеушіліктің байқалмайтындығын ашық айтты. «Менің ойымша, баяғы жартас, сол жартас. Өздеріңіз көрдіңіздер ме? Мен әлі көрмедім. Мүмкін өздерінің ішінде қарбалас жұмыс жүріп жатқан да шығар. Бірақ, оны көрмедім, елде болғанымызда халық бізге Елбасының сыны әділ болғанын айтып, Үкімет тарапынан қандай шаралардың қолға алынғанын сұрайды. Ал біз ештеңе білмегендіктен, айта алмаймыз. Сондықтан бізге қолға алған жұмыстары жайында ақпарат берулері керек»,- деді А.Соловьева. Сонымен қатар ол қазіргі уақыттағы Үкіметтің жұмысын үшке бағалайтынығын атап өтті.