ҮКІМЕТ ҚАЙДА ҚАРАП ОТЫР: Министрлік көлеңкелі экономикамен тиімсіз күресуде - М.Башимов
АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Министрлік көлеңкелі экономикамен тиімсіз күресуде. Мұндай пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте заң ғылымының докторы, сарапшы Марат Башимов білдірді.
Бұл ретте ол мысал ретінде есептелінбеген мұнайдың көлемі көп екендігін алға тартты. Сонымен қатар М.Башимов қаржы полициясының жұмыс жүргізіп жатқандығын, бірақ олардың жасалған қылмыстарды тергеумен ғана айналысып, заңсыз мұнай жеткізілмдерінің жолын кесуге бағытталған жұмыстарды жолға қоймай отырғандығын баса айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 11 қазанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Назарбаев көлеңкелі экономиканы төмендету бағытындағы шараларды күшейтуді тапсырған болатын. «Премьер-Министрге көлеңкелі экономика көлемін төмендету бойынша жұмыстардың барысы туралы маған тұрақты түрде баяндап отыруды тапсырамын», - деген еді Мемлекет басшысы.