Үкімет Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекітті
АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы бекітілді.
Аталған құжатты таныстырған ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің атап өтуінше, мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде инновацияның дамуында өң үрдіс байқалып, бизнес пен қоғам инновациялық қызметке зор қызығушылық көрсете бастады. мәселен, 2011 жылдың қорытындысы бойынша, инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 5,7 пайызға артты. Инновациялық өнімдердің көлемі 65,9 пайызға өсті. Әлемдік деңгеймен салыстырғанда 5,7 пайыздық көрсеткіш өте төмен. Дегенмен соңғы жылдары инновациялық белсенділіктің орташа деңгейі 4 пайызға да жете алмаған болатын.
«Тұжырымдама мақсаты экономикаға, әл-ауқаттың жоғары біліми деңгейі мен халықтың өмір сапасына бағытталған қоғам қалыпастыру болып айқындалған. Осы мақсаттарды басшылыққа ала отырып екі негізгі міндетті жүзеге асыру болжанады», - деді ол.
Ә. Исекешевтің айтуынша, бірінші міндетте технологиялау болжамдаудың нәтижесінде анықталған технологиялар дамытылады. Ал екінші міндетте кешенділік арқылы инновациялық қызметті қолдау жүйесін қалыптастыру, инновациялық жүйенің барлық элементтерін тарту қамтамасыз етілетін болады.