Үкімет Қазақстан спортшыларының Лондон Олимпиадасына дайындығына қосымша 1 млрд. теңге бөледі

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі Қазақстан спортшыларының Лондон Олимпиадасына дайындығы үшін қосымша 1 млрд. теңгеге жуық қаржы бөледі.
None
None

Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев мәлім етті.

«Соңғы отырыс Премьер-Министрде болды. Бұл мәселе протоколға тіркеліп алынды. Енді агенттік «Самұрық-Қазына» қорымен қазірдің өзінде нақты қаражат сомасын талқылауда және аталмыш сома бөлінетін болады. Бұл мәселеде Үкімет бізді қолдады», - деді Т. Ермегияев.

Оның айтуынша, аталмыш сома спорт жабдықтарына, спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына, сонымен қатар Лондон төрінде құрылатын «Қазақ ауылы» туристік-насихаттық жобасына жұмсалмақ.

Еске сала кетейік, 17 сәуір күні өткен Үкімет отырысында  ҚР Спорт  және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Т. Ермегияев Министрлер кабинетінен Лондон Олимпиадасына спортшыларды дайындауға қосымша 997 млн. теңге сұраған болатын.

Соңғы жаңалықтар