Үкімет Қазақстанға азық-түлік тауарларын импорттайтын нарықта қазақстандық кәсіпорындардың үлесін ұлғайту жөніндегі шараларды әзірлеуде - Ө. Шөкеев

АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Үкімет Қазақстанға азық-түлік тауарларын импорттайтын нарықта қазақстандық кәсіпорындардың үлесін ұлғайту жөніндегі шараларды әзірлеуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азық-түлік нарығындағы жағдайға тоқталатын болсақ, бізде ішкі өндіріс айтарлықтай өсіп келеді. Алайда, біз импортты аздап көзден таса етіп алған тәріздіміз. Бізге азық-түлік тауарлары негізінен Қытайдан және Еуропадан импортталады. Онымен негізінен шетелдің азаматтары шұғылданады. Олардың саны аса көп емес. Бірақ та Қытайдан келетін импорт өте жақсы ұйымдастырылған. Олар қажет болған кезде бағаны көтереді, ал импорт нарығына біздің кәсіпкерлеріміз кіргісі келгенде демпингтеп, қысым жасайды. Олардың іс-қимылдары өте ұйымдастырылған. Сондықтан Үкімет әкімдермен бірлесіп жүйелі шараларды әзірлеп жатыр. Бұған Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды тарту қажет шығар. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар елімізге импортталатын азық-түлік тауарларының нарығына кіруі қажет. Үкімет оларға аталмыш нарықтан қандай да бір орын алуларына көмектесуі тиіс», деді Ө. Шөкеев.

Оның айтуынша, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар арқылы импортталатын тауарлардың көлемі азық-түлік нарығындағы бағалардың деңгейіне ықпал ете алатындай болуы тиіс. «Қазіргі таңда бізде ішкі сауда-саттық туралы заң дайындалып жатыр. Менің ойымша, осының аясында біз екінші тоқсанның соңына дейін барлық тетіктерді пысықтайтын боламыз», деді Ө. Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар