Үкімет «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын сәуірде қабылдамақ

  АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Үкімет «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын сәуірде қабылдамақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
None
None

Жиын барысына аталған бағдарламаның жан-жақты талқыланғандығын атап өткен ол өзінің бірінші орынбасарына қайырылып: «Серік Нығметұлы, сізге бағдарламаның кураторы ретінде бүгінгі талқылаудағы пікірлерді ескере отырып, наурыздың ішінде осы мәселеге арналған экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізуді тапсырамын. Яғни сәуір айында біз бағдарламаны қабылдай алуымыз үшін», - деді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы Қазақстан халқына дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауын арнаған Елбасы Үкіметке ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар