Үкімет қызметінің тиімділігі артуда - Халықаралық қаржы корпорациясының аға менеджері
АЛМАТЫ. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Халықаралық валюта қорының пайымдауынша, ғаламдық экономикалық белсенділік қалпына келе бастады. Бұл бүгін Алматыда АҚШ пен Қазақстан арасындағы мемлекеттік және жеке экономикалық әріптестік құру бастамасы аясында ұйымдастрылған банктік және қаржылық реформалар жөніндегі дөңгелек үстел жиынында айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Халықаралық валюта қоры ғаламдық экономиканың қалпына келе бастағанын нақты көрсетті. Алайда бұл даму орнықты болмай отыр. Соңғы 1,5-2 айда кейбіреулер Еуропадағы кері кету туралы айтып жүр. Қазақстанда сауда-саттық жақсарып, үкімет қызметінің тиімділігі артуда. Онда 2009 жыл мен 2010 жылдың алғашқы жартысында өсімді көріп отырмыз. Ол әзірге тау-кен және өндіру секторы есебінен орын алуда. Халықаралық валюта қоры Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 2010 жылы 4 пайыз болады деп болжауда», дейді Халықаралық қаржы корпорациясының Әзірбайжан мен Орталық Азиядағы аға менеджері Томас Тельма. Оның айтуынша, 2010 жылдан кейін Қазақстан үкіметі 6 пайыздық өсімге қол жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, алдағы 5 жыл бойы тұрақты дамымақ.