Үкімет лифтілердің қауіпсіздік талаптарына техникалық регламентті бекітті

АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Лифтілердің қауіпсіздік талаптарына» техникалық регламентті бекіту туралы» қаулыға қол қойды. ҚазАқпарат осы қаулының мәтінін жариялайды.

Үкімет лифтілердің қауіпсіздік талаптарына техникалық регламентті бекітті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Астана, Үкімет үйі, 2010 жылғы наурыздың 3-і, №172

Лифтілердің қауіпсіздік талаптарына техникалық регламентті бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы қарашаның 9-ындағы «Техникалық реттеу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Лифтілердің қауіпсіздік талаптарына техникалық регламент» бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан бастап 6 ай аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов

Қаулының толық мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарияланды.