11:22, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Үкімет Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасына оң қорытындысын берді
АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат. /Айдын Бәймен/ – Қазақстан Үкіметі Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашылық жасаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап шығып, өз қорытындысын берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Айта кету керек, аталған заң жобасына Мәжіліс депутаттары Светлана Бычкова, Жақып Асанов және Николай Турецкий бастамашылық жасаған.Үкімет өз қорытындысында Парламенттің қарауына бұрын енгізілген «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» заң жобасына ілеспе ретінде сот-сараптама қызметі туралы заңнаманы одан әрі жетілдірілуге бағытталған заң жобасының қабылдануын тұтастай қолдайтынын жазған.Заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығынды қажет етпейді.Сонымен бірге Қылмыстық іс жүргізу кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ұсынылып отырған түзетулерді Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамалары мен жедел іздестіру қызметі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы және Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия қарайтыны мәлімделген. Ведомствоаралық комиссия және жұмыс тобы қабылдаған шешімдер туралы қосымша хабарланатыны жазылған.Заң жобасында сот сараптамасы мәселелері жетілдіріле түскен.