Үкімет мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындады
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындау туралы» 2011 жылдың 24 ақпанындағы №175 қаулыға қол қойды. Бұл туралы ресми басылымдар хабарлады.
Қаулы алғаш ресми жарияланғанна күннен бастап күшіне енеді.
Құжаттың қосымшасы республикалық басылым беттерінде жарияланады.