16:17, 27 Ақпан 2012 | GMT +5
Үкімет моноқалаларды дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеуде
АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі кәсіпкерлікті дамыту және еңбек ресурстарының жинақылығы арқылы олардың экономикасының диверсификациясына бағытталған моноқалаларды дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеп жатыр.

Бұл туралы Парламентте өткен «Нұр Отан» ХДП фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов хабарлады.
«Бүгінгі күні елде тұрғындарының жалпы саны 1,5 млн. адамды құрайтын 27 моноқала бар, бұл Қазақстанның қалалық тұрғындарының 16 пайызы болып табылады», - деді К.Мәсімов.
Премьер моноқалаларды дамыту үшін републикалық бюджеттегі трасферттердің сомасы жыл сайын өсірілетітін мәлімдеді.