Үкімет мүгедектердің өмір сапасын жақсарту мәселелерін талқылайды

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Осы аптада ҚР Үкіметі мүгедектердің өмір сапасын жақсарту мәселелерін талқылайды.
None
None

Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Атап айтқанда, 28 мамыр күні Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін дәстүрлі Үкімет отырысында мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту мәселелері талқыланбақ. Бұл саладағы ахуал жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов баяндайтын болады.

Сонымен қатар 31 мамыр күні ҚР Премьер-Министрі 31 мамырда Минскіге жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында С.Ахметов ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесінің отырысына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мемлекетаралық кеңесіне қатысады.

Соңғы жаңалықтар