Үкімет «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкімет отырысында Министрлер кабинетінің мүшелері «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасын мақұлдады. Заң жобасы Парламентке жіберілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен аталмыш заң жобасын қолдау қажет деп есептеймін», деді отырыста Үкімет басшысы. Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша, аталмыш заң жобасы Елбасының жанар-жағармай нарығындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған. Заң жобасы нарықтағы нақты жағдайды, соның ішінде Ресейдің жанар-жағармай нарығындағы баға қарқынын назарға алатын болады. Себебі АИ-92 және АИ-93 маркалы жоғары октанды бензиннің 40 пайызын Қазақстан Ресейден импорттайды. Егер жанар-жағармай бағасын негізсіз көтеруді көздейтін қандай да бір іс-қимылдар туындайтын болса, онда заң аясында бағаны реттеуге болады. Бір сөзбен айтқанда, жылдағыдай жанар-жағармай бағасының айтарлықтай құбылуына және жекелген өңірлерге жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын қалыптастыру әрекетіне жол берілмейді. Аталмыш заң жобасы 2014 жылға қарай ішкі нарықты тоығымен отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Үкімет отырысынан кейін жуналистерге берген сұхбатында С. Мыңбаев АИ-92 және АИ-93 маркалы жоғары октанды бензиндердің бағасын мемлекеттік реттеу жүйесі өткен жылдың желтоқсан айынан бері жұмыс істеп келе жатқанын айта келе: «Алайда жанар-жағармайдың бағасын мемлекеттік реттеу жүйесі заңнамалық тұрғыдан бекітілуі тиіс. Жазғы дизель отынын, АИ-80 маркалы бензинді және АИ-92 және АИ-93 маркалы жоғары октанды бензинді халық көп тұтынады. Осылардың бөлшек саудадағы бағасын мемлекеттік реттеу жүйесі енгізіледі. Алайда жанар-жағармайдың көтерме бағасы реттелмейтін болады. Бұл бөлшек сауда үшін ақылға қонымды маржаны сақтауға мүмкіндік береді», деді ол.

Соңғы жаңалықтар