Үкімет мұнайды тиімді өндірудің деңгейін арттыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушыларды ынталандырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет мұнайды тиімді өндірудің деңгейін арттыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушыларды ынталандырудың нақты шараларын қабылдауды көздеп отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін мұнай-газ секторын дамыту мәселесіне арналған Мәжілістегі парламенттік тыңдауда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Қарашығанақ жобасын кеңейту жобасы аясында Үкімет кен орнында газды өндіру көлемін арттыру мүмкіндігін және сұйық көмірсутектерді қайта өңдеу бойынша жаңа технологиялық желінің құрылысын қарастыруда. Ол үшін бүгінде Тұжырымдама әзірленді, сондай-ақ тиісті зерттеу шаралары іске асырылуда. Жобаны іске қосу 2022 жылға жоспарланып отыр. Алайда, атап өткен ірі жобалардан басқалары, яғни қазақстандық кен орындарының жартысынан астамы бүгінгі таңда өндірудің шарықтау шегінен өтіп, енді өндірудің төмен деңгейіне түсті»,-деді Сағынтаев.

Осы орайда Елбасының Үкіметке мұнайдың кен орнынан өндіру коэффицентіндегі бүгінгі 30 пайыз көрсеткішін тағы 5-7 пайыз көлемінде арттыруды қарастыратын технологиялық саясатты жүзеге асыру тапсырмасын бергенін еске салып өткен ол, қазіргі кезде әлемде бұл көрсеткіш 50 пайыз деңгейінде екенін жеткізді.

Оның сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін еліміздің кен орындарында мұнайды тиімді өндіруді арттыру бойынша жобаны іске асырудың жағдайы, жоспарлары және болжамы тұрғысында сараптамалық талдау жүргізілмек.

Осы орайда Үкімет мұнайды тиімді өндірудің деңгейін арттыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушыларды ынталандырудың нақты шараларын қабылдауды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар