Үкімет мүшелері банкроттық рәсімдерді жетілдіруге бағытталған заң жобасын қолдады
«Елбасы өткен жылғы қыркүйек айында Парламенттің алтыншы шақырылымының үшінші сессиясының ашылуында оңалту және банкроттық рәсімдерді жетілдіру қажеттілігі туралы атап өтті. Тапсырманы жүзеге асыру мақсатында министрлік тарапынан заң жобасы әзірленді. Бүгінгі күні 4 мыңға жуық бизнес субъектісі банкроттық рәсімін, 400-ге жуық кәсіпорын оңалту рәсімін қолдануда. Негізінде, ауыр қаржылық жағдайындағы бизнес субъектілері одан айтарлықтай көп. Қолданыстағы Заң кәсіпкерге тез арада сәтсіз бизнесін жабуға жол бермейді», - деді ол.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, әлі шамалары барларға оңалту процесіне жүгіну де қиынға түседі. Әр төртінші жағдайда сот борышкерді банкрот деп танудан бас тартады. Сотқа субъектінің қаржылық жағдайына объективті баға беру қиын. Болмашы активтерінің бар болуы, сот үшін қарыздарды өтеуге мүмкіндік деп есептелінеді. Ұқсас жағдай оңалтуды қолдануда да байқалады. Әр үшінші арыз бойынша, борышкер - төлемге қабілетті немесе төлем қабілетсіздігін қалпына келтіру үшін қаржы қорының бар екенін дәлелдемеді деген сылтауымен сот оңалту рәсімін қолданудан бас тартады.
«Заң жобасы осы мәселелерді шешуге мақсатталады. Айталық, оның үш негізгі бағыты болып, оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдану үшін шарттарды жеңілдету, рәсімдерді жүргізу мерзімін қысқарту және жұмыс істемейтін борышкерлерді жеңіл түрде тарату болып табылады», - деді министр.
Осыдан кейін Үкімет мүшелері заң жобасын қолдап, бірауыздан дауыс берді.
«Шешім қабылданды. Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді қараша айының соңына дейін дайындауды тапсырамын», - деді Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев.