Үкімет мүшелері өкілеттігін доғару туралы жазбаша мәлімдемеге қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысын өткізді.
Бұл туралы ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет мүшелері қайта сайланған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолданған өкілеттікті доғару туралы жазбаша мәлімдемеге қол қойды.
Еске сала кетейік, Қазіргі Үкімет құрамы 2014 жылдың сәуірінде қалыптасқан болатын. Кәрім Мәсімов 2014 жылдың 2 сәуірінде ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды.