Үкімет мүшелерінің жұлдызнама белгілері: Кім ақшаға жақын, кім манипулятор

АСТАНА. ҚазАқпарат – Соңғы жылдары астрологтардың қызметі өте танымал болып келе жатыр. Тіпті жұмысқа қабылдау барысында және кадрларды саралауда да кандидаттардың жұлдызнама белгісіне назар аударатын болды. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі Үкімет мүшелерінің жұлдызнама белгілеріне зер салып, астрологпен әңгімелесу барысында, қызықты фактілерді білген еді.

Үкімет мүшелерінің жұлдызнама белгілері: Кім ақшаға жақын, кім манипулятор
Фото: Freepik

Сонымен Үкімет мүшелері арасында 4 балық, 3 тоқты, 1 торпақ, 2 мерген, 1 егіздер, 2 сарышаян, 1 шаян, 2 тауешкі, 2 таразы және 1 суқұйғыш бар. Бір қызығы Министрлер кабинеті құрамында жұлдызнамасы арыстан мен бикеш мүлдем жоқ екен. Дегенмен, астрологтар дәл осы екі белгіні ең өршіл, қалталы әрі өктемшіл санайды.

Министрлер кабинетінің басшысы – Премьер-Министр Әлихан Смайылов 1972 жылдың 18 желтоқсанында дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – мерген.

Фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр 1971 жылы 8 мамырда дүниеге келген. Жұлдызнамасы белгілі – торпақ.

Фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев 1968 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – тоқты.

Фото: gov.kz

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – тоқты.

Фото: primeminister.kz

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу 1976 жылы 11 наурызда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – балық.

Фото: primeminister.kz

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 1969 жылы 22 шілдеде дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – шаян

Фото: primeminister.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – тауешкі.

Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев 1967 жылы 11 қазанда дүниеге келген. Жұлдызнама белгілсі – таразы.

Фото: gov.kz

Қорғаныс министрі – Руслан Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – балық.

Фото: primeminister.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 1964 ылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – тауешкі.

Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов 1967 жылы 1 мамырда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – торпақ.

Фото: primeminister.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі 1974 жылы 16 сәуірде дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – тоқты.

Фото: gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 1976 жылы 26 қарашада дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – мерген.

Фото: primeminister.kz

Әділет министрі Азамат Есқараев 1979 жылы 7 қазанда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – таразы.

Фото: primeminister.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 1981 жылы 18 мамырда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – торпақ.

Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 1969 жылы 8 маусымда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – егіздер.

Фото: gov.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – шаян.

Фото: primeminister.kz

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 1990 жылы 10 ақпанда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – суқұйғыш.

Фото: primeminister.kz

Оқу-ағарту министр Ғани Бейсембаев 1969 жылы 3 маусымда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – егіздер.

Фото: primeminister.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 1983 жылы 3 наурызда дүниеге келген – жұлдызнама белгісі – сарышаян.

Фото: gov.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – балық.

Фото: gov.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы 25 ақпанда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – балық.

Фото: primeminister.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 1970 жылы 31 қазанда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – сарышаян.

Фото: primeminister.kz

ҚазАқпарат тілшісімен әңгімелескен астролог Ирина Әбдірайымова Үкімет мүшелерінің жұлдызнама белгілері бойынша пікір бөліскен еді.

Сарышаяндар мен торпақтарда ақша осі бар. Оларды белгілі бір ғаламшарлар басқарады. Сондықтан олар пайда мен ақша жинақтауға ұмтылады. Атап айтар болсақ, сарышаяндар өзге адамдардың ақшасын жақсы басқарады. Олардан жақсы банк қызметкерлері шығады. Ал Бикештер - шығындарға өте мұқият, үнемді және үнемшіл. Сол себепті олардың арасында ірі кәсіпкерлер жиі кездеседі. Көпшілігінің есімі әлемге әйгілі.

Егер атаққұмар, билікке ұмтылатындар туралы айтатын болсақ, Юпитер басқаратын мергендер туралы айту керек. Бұл өршіл, жалынды белгі. Оның айрықша ерекшелігі - оптимистік көңіл-күй мен өмірге деген сүйіспеншілік. Жоғары позицияға ұмтылатын тағы бір жалынды белгі – арыстан. Бірақ көбінесе ол өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалап, күйіп кетіп жатады.

Ең мақсатшыл, әдіскер, шыдамды белгі - тауешкілер. Мемлекеттік қызмет олар үшін өте қолайлы екендігі таңқаларлық жайт емес. Дәл солар мансап жолында жоғары көтеріледі. Олар қай жерде жұмыс істесе де, шыдамдылық пен табандылықтың арқасында қызметте жоғары өрлейді. Олардың шыдамдылығы жинақталған тәжірибе мен кәсібилікпен қайтады.

«Егіздер көпшіл, үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеуге, келіссөздер жүргізуге қабілетті. Олар - жақсы делдалдар, келіссөз жүргізушілер және дипломаттар. Ал торпақтар - ақшаға қатысты болғанда өзінікін бермейтін жандар. Егер олар мақсатқа ұмтылса, онда марафоншылар сияқты табанды әрі сенімді қимылдайды. Бірақ, тоқтылар жақын қарым-қатынасқа жақсы. Өйткені оларды қуатты Плутон мен импульсивті Марс басқарады. Алайда, олардың сатурны әлсіз, сондықтан ұзақ мерзімді жобаларға шыдамы жетпейді. Ол белгілі бір биікке жетеді, бірақ бағынғанды ұнатпайды, ал билік – бұл жүйе, құрылым», - деп түсіндірді Ирина Әбдірайымова.

Астрологтың айтуынша, манипуляция жасай алатын, нәзік әлемнің заңдылықтарын, оның қалай жұмыс істейтінін түсінетіндер үшін адамдарды басқару оңай.

«Сарышаяндар мен бикештер нағыз манипуляторлар. Олар кез келген жағдайға бейімделе алады. Балықтар да манипулятор бола алады. Басқару - бұл негізгі көпшілік еш жерде ештеңе сезбейтін кез. Адамдар өздері таңдаймыз деп ойлайды, бірақ олардың артында манипулятор тұр», - деп бөлісті астролог.

Әрине, материалдық жағдай барлық адамдар үшін маңызды. Бірақ оған тәуелді емес белгілер де бар. Сөз суқұйғыштар мен шаяндар жайында болып отыр.

«Суқұйғыштар үшін бұл өте қызық емес. Олар әлемді танығысы келеді, ақша жинап, қандай да бір идея үшін жұмсай алады. Дегенмен, бұл ұтымды белгі. Шаяндар өте байсалды. Алайда, біздің Тұңғыш Президентіміздің жұлдызнама белгісі - шаян. Бірақ оның мықты картасы болды. Ол жерде Плутон жұмылдырылған. Сондықтан мұндай энергия болып тұр. Егер шаяндардың жанында Плутон сияқты ғаламшар болмаса, ол екі қадам артқа, бір қадам алға жылжиды. Ол айрықша алға ұмтылып, өзін зорықтыра бермейді. Оған бұл қажет емес те», - деп атап өтті астролог Ирина Әбдірайымова.

Әрине, жұлдызнама белгісі адамның таңдауы мен жеке қабілеттеріне әсер ете алмайды. Әлемде 7,92 миллиард адам тұрады. Егер әр жұлдызнама белгісіне бөлсек, әрқайсысына шамамен 760 миллион адамнан келеді. Алайда, бұл бәрі билікте болып, ақша тарта алады және олар нағыз епшілдер мен манипуляторлар дегенді білдірмейді.