Үкімет нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын мақұлдады

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Үкіметінің отырысы барысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған мемлекеттік жаңа бағдарламаның жобасы мақұлданды.

Үкімет нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын мақұлдады

Құжатты ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов таныстырды.

Бұл бағдарламаны әзірлеу еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында көзделгенін атап өткен ол: «Бағдарламаның негізгі мақсаты нашақорлыққа және есірткінің засыз айналымына мемлекет пен қоғамның қарсы тұруын одан әрі жетілдіру болып табылады», - деді.

Министрдің атап өтуінше, бағдарламада 102 іс-шара жоспары қарастырылған. Ал жалпы құжаттың бюджетті 6 млрд. 167 млн. теңгені құрайды.

«Жаңа бағдарламаны жүзеге асыру ел ішіндегі есірткі айналымын айтарлықтай шектейді, біздің аймағымыз арқылы оның тасымалдануын қысқартады және толықтай алғанда елдегі есірткі ахуалын тұрақтандырады», - деді Қ.Қасымов.