Үкімет Наурыз мейрамын мерекелеу туралы қолданыстағы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкімет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» қолданыстағы заңға өзгеріс енгізуді көздейтін заң жобасын әзірлеп, Мәжілістің қарауына берді. Заң жобасында мемлекеттік мереке - Наурыз мейрамын наурыздың 21-23-і, яғни үш күн бойы мерекелеу ұсынылып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2008 жылғы мамырдың 29-ындағы сөзінде Наурыз мейрамын жаңа тұрғыда мерекелеу қажеттігін айтқан болатын.Наурыз ? көктемгі жаңару, өмірді және ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтін тарихи қалыптасқан түркі халықтарының мерекесі.Наурыз мейрамы ? бұл жалпы адамзаттық құндылықтарды бекітуде, біздің мемлекетіміздегі халықтардың достығы мен туыстығын нығайтудың маңыздылығына орай басқа да елдердің жаңа жыл мерекесіне ұқсас халықтық мейрам.Аталған заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды.Сондай-ақ Үкімет заң жобасының нормаларын іске асыру қосымша қаржы шығындары жұмсалмайтынын ескерткен.
Соңғы жаңалықтар