Үкімет отырысына келе жатқанымда Kcell-де байланыс болмады – министр Мусин

None
Фото: primeminister.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет сапасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Activ/Kcell абоненттерінде он минуттық ақау болды. Үкімет отырысының алдында «Қазақтелекомның» басқарма төрағасы Қуаныш Есекеевке қоңырау шалып, шағымдандым. Ұялы байланыстың сапасын мен де тексеріп тұрамын. Үкімет отырысына келе жатқанда менде Kcell-де байланыс болмады, кейін «Қазақтелеком» басшысы 10-15 минуттық техникалық ақау шыққанын айтты», - деді Бағдат Мусин Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ ведомство басшысы Activ/Kcell абоненттерінде болған техникалық ақаудың себебін нақтылайтынын айтты.

«Қазір «Қазақтелекомда» 3G-ді 4G, 5G-ге ауыстыру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Сондықтан техникалық ақаулар болуы мүмкін», - дейді ол.

Айта кетсек, бүгін қазақстандықтар Activ/Kcell интернетінің сапасына тағы шағымданған еді.


Соңғы жаңалықтар