Үкімет отырысында 2013 жылдың қорытындысы сараланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет отырысында 2013 жылдың қорытындысы сараланады. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiм еттi.

Үкімет отырысында 2013 жылдың қорытындысы сараланады

«18 наурызда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Үкімет отырысын өткізеді. Оның барысында «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын іске асыру барысы қарастырылады. Сондай-ақ, 2013 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев баяндама жасайды», - деді ресми өкiл.