Үкімет отырысында Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы қаралады

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Ертең Үкімет отырысында Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы қаралады.

Үкімет отырысында Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы қаралады

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«12 ақпанда Премьер-Министр Серік Ахметов өткізетін ҚР Үкіметінің отырысында 2013-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенінің даму бағдарламасы қарастырылады. Сапалы агроөнеркәсіп өнімдеріне деген тапшылықты ескерсек, Агроөнеркәсіптік кешен жалпыұлттық экономикамыздың маңызды бағыты болып табылатынын атап өткен жөн», - деді ресми өкіл.