Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы қаралады

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Ертең Үкімет отырысында ауыл шаруашылығындағы өңдеу мәселесі қаралады. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
None
None

«8 қазанда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамыту мәселелерін талқылау мақсатында Премьер-Министрі Серік Ахметов Үкімет отырысын өткізеді. Қайта өңдеу - қазақстандық өнімдердің бәсекелестікке жолын ашатын ауыл шаруашылығының өте маңызды бағыты», - деп тоқталды ресми өкіл.

Атап айтқанда Үкімет отырысы барысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің өңдеуші кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қабылдаған бірыңғай Кешенді жоспары туралы аталған ведомствоның басшысы Асылжан Мамытбеков баяндайды.

Соңғы жаңалықтар