Үкімет отырысында Елбасы көктемгі су басу қатерін алдын алуды жүктеді
АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көктемгі су басу қатерін алдын алуды жүктеді.
Президент Төтенше жағдайлар министрлігі мен барлық әкімдерге көктемгі қардың еруіне, сондай-ақ су басу қауіп-қатерлерінің алдын алуға дайындық шараларын жүргізуді жүктеді.
«Дамбылар мен бөгеттерді, сондай-ақ су құрылғыларын күшейту жұмыстарын жүргізу керек. Өткен жылғы оқиғаны білеміз. Атап айтқанда, Оңтүстікте қар молынан түсті»,-деді Мемлекет басшысы.
«Бұдан бұрынғы оқиғалар қайталанбас үшін тиісті шараларды атқарып, тексеру жұмыстарын жүргізу керек»,-деп тапсырды Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Президент Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметовке Тұрғын үй коммуналдық саласындағы мәселелерді шешуді жүктеді.