Үкімет отырысында Елбасының Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауында жарияланған тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді

АСТАНА.Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырысты ашқан Премьер-Министр Үкіметке «бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы жүктеген тапсырмаларды іске асыруға дереу кірісу қажеттігін» атап өтті. Үкімет мүшелері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауында жарияланған тапсырмаларды орындау жөніндегі Үкіметтің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарының (жол картасы) жобасын қарап, бекітті. Үкіметтің іс-қимыл жоспарының жобасымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев таныстырды. Жобаға сәйкес, жол картасы аймақтық жұмыспен қамту және кадр даярлау стратегиясын іске асыруға, агроөнеркәсіптік кешенді жедел дамытуға және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының екінші бағытын іске қосуға, сондай-ақ, индустриялық-инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағдарланған. Үкімет әзірлеген іс-қимыл жоспары ғаламдық экономикалық үрдісті және өнеркәсіптегі өндіріс деңгейінің азаю салдарын ескереді. Сонымен қатар, отырыста Үкімет тұрғындарды жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, сондай-ақ, дағдарыстан кейінгі тұрақты дамуға қажетті жағдай жасау үшін іс-шаралар қабылдайтыны айрықша атап өтілді. Отырыс соңында К.Мәсімов министрліктер мен ведомстволар басшыларына Үкіметтің 2009 жылға арналған іс-шаралар Жоспарының жобасына ұсыныстар енгізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Соңғы жаңалықтар