Үкімет отырысында Қазақстандағы құрылыс индустриясының дамуы қаралады

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - 14 мамырда Қазақстан Үкіметінің отырысында еліміздегі құрылыс индустриясының дамуы мен «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасының іске асу барысы қарастырылады.

Үкімет отырысында Қазақстандағы құрылыс индустриясының дамуы қаралады

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев апталық брифингте мәлім етті.

«Сонымен қатар қуат көздерін үнемді пайдалану және осы саланың бүгіні мен ертеңі туралы Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев баяндайды»,-деді ресми өкіл.