Үкімет отырысында оқушылардың жазғы демалысы мәселесі қаралады

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен дәстүрлі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім еткендей, ертең Үкімет отырысында екі мәселе қаралатын болады.

Үкімет отырысында оқушылардың жазғы демалысы мәселесі қаралады

«Ертең, 21 мамырда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтеді. Онда көлік жолдары саласының дамуы мәселелері талқыланады. Осы саладағы басты мемлекеттік саясат пен ведомствоның атқарып отырған іс-шаралары жайында ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев баяндайды»,-деді ол.

Бұдан бөлек, алдағы жазғы демалыста оқушылардың бос уақыты мен сауықтыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тұрғысындағы жоспарлар туралы ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов баяндайды деп күтілуде.