Үкімет отырысында өңірлердің дамуы мәселесі қаралады
АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Серік Ахметовтің осы аптаға жұмыс кестесін хабарлады.
«Ертең Премьер-Министр өңірлердің дамуы мәселесі жөнінде Үкімет отырысын өткізеді», - деді ресми өкіл.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында Серік Ахметов осы аптада облыс басшыларымен селекторлық кеңес өткізеді.
Үкімет басшысының жұмыс кестесінде елде бұқаралық спортты дамыту туралы селекторлық кеңес те бар.
«Жұма күні Премьер-Министрдің басшылығымен Үкімет мүшелері «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы фракциясының кеңейтілген отырысына қатысады. Отырыстың негізгі тақырыбы - 3 жылдық республикалық бюджет жобасын талқылау», - деді Е. Ашықбаев.