Үкімет отырысында отандық мұнай өңдеуші күштерді жетілдіру бағдарламасы талқыланады

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ертең Үкімет отырысында отандық мұнай өңдеуші күштерді жетілдіру бағдарламасы талқыланады.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Республикамызда негізінен үш мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейтіні белгілі. Бұл нысандардың барлығы жаңғыртуды қажет етіп отыр. Ал, шикі мұнайды өңдеу қуаты 2014 жылға қарай 2,5 млн. тоннаға жетеді. Бұл бағытта мұнай өнімдерін өңдеу сапасы да жақсара түсетін болады. Сонымен бірге республикамыздағы аталған 3 мұнай өңдеу зауытына шамамен алғанда 3,1 млрд. доллар көлемінде инвестиция тартылады. Әрине елдегі мұнай өңдеуші нысандарды бір жылдың ішінде жаңғыртып шығу мүмкін емес, сондықтан бұл бағыттағы бағдарлама 7 жылға жоспарланып отыр. Осының салдарынан біз мұнай өнімдеріне бағаны қалыптастыруда сыртқы факторларға әлі де тәуелді бола тұрамыз. Дегенмен біздің міндетіміз осы діттеген мақсатқа жеткенге дейін бағаны қалыпты ұстап тұру болмақ», - деді С. Мыңбаев. Сонымен бірге министр сөз арасында «Кеңқияқ-Құмкөл» жобасына тоқталып өтті. Оның айтуынша, аталған жоба тек қана мұнай өнімдерін Қытайға экспорттау тұрғысынан ғана емес, Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызды орын алады. «Біз Ресеймен өзара мұнай және мұнай өнімдерін арттыруды ынталандыруға ниеттіміз. Дегенмен өңдеуші зауыттарымызға мұнай жеткізілу тоқтап қалса немесе экономикалық тиімсіз құбылыстар көріне бастаса, мұндай жағдайда біз отандық мұнайды әртараптандыратын техникалық мүмкіндігіміздің болғаны орынды», - деді Энергетика және минералдық ресурстар министрі.
Соңғы жаңалықтар