Үкімет отырысында республикалық бюджеттің атқарылу мәселесі талқыланады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні, 10 қараша, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күн тәртібінде — 2020 жылғы қаңтар-қазандағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көруге болады.