Үкімет отырысында су тасқыны қаупінің алдын алу мәселелері қаралады

АСТАНА 18 ақпан. ҚазАқпарат - Ертең Үкімет отырысында су тасқыны қаупінің алдын алу мәселелері қарастырылады.

Үкімет отырысында  су тасқыны қаупінің алдын алу мәселелері қаралады

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Ертең, 19 ақпанда Премьер-Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен Үкіметтің отырысы өтеді. Облыс әкімдері селекторлық байланысқа шығып, отырыс барысында аймақтарда су тасқыны болған жағдайда облыстардың дайындығы мәселелері қаралуы көзделген», - деді ресми өкіл.