Үкімет отырысында табиғи монополиялар субъектілерін тарифтік реттеу мәселелері талқыланады
АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, 1 қазанда Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін ҚР Үкіметінің отырысында сапаны арттыру және энергия тиімділігі тетігі ретінде табиғи монополиялар субъектілерін тарифтік реттеу мәселелері қаралады.
Бұл мәселе бойынша негізгі баяндамамен ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов сөз сөйлейді. Қосымша баяндамашы - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.