Үкімет отырысында Ұлттық құраманың Лондонда өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына дайындық мәселесі талқыланады
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада селекторлық режімінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.
Мәжілісте «100 аурухана «350 дәрігерлік-амбулаториялық, фельдшерлік-акушерлік емхана» жобасының аясында денсаулық сақтау нысандары құрылысының барысы және ҚР Ұлттық құрамаларының 2012 жылы Лондонда (Ұлыбритания) өтетін ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарына дайындық барысы талқыланады.