Үкімет отырысында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары талқыланбақ

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең Үкімет отырысында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары талқыланады.

Үкімет отырысында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары талқыланбақ

Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Елімізде жылу беру маусымының зор әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, ертең ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов төрағалық ететін Үкімет отырысында еліміздің барлық өңірлерінде жылу беру маусымына дайындық барысы талқыланады. Оның қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданбақ»,-деді ресми өкіл.