Үкімет өзін өзі жұмыспен қамтыған 865 мың адамды өнімді еңбекпен қамтамасыз етуді көздейді

Бүгін Сенатта «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Сәрік Әбденов осылай мәлім етті.
Министрдің айтуынша, бүгінгі күні азаматтардың зейнетақы жүйесіне жинақ аудару мәселесі Үкіметтің ерекше назарында. Өйткені он жылдан кейін зейнетақы жүйесіне қатыспаған адамдар жинақ жүйесіндегі бір де бір тиынға құқы болмайды. Осы мәселемен Үкіметтің арнайы жұмыс тобы айналысып жатыр.
«Бүгінгі күні үй шаруашылығымен айналысып отырған азаматтардың жағдайы да алдағы уақытта ескеріледі. Жұмыспен қамту бағдарламасының аясында оларды барынша ашық жұмыстарға тарту қарастырылады. Мәселен, бір жарым жылдың ішінде сегіз жарым мың адам шағын несиемен қамтылды. Бұдан бөлек, биыл жалпы шағын несиеге бөлінетін қаражатты Үкімет екі есеге дейін арттырып отыр. Ал 2020 жылға дейін өзін өзі жұмыспен қамтығандардың арасында 865 мың адам өнімді еңбекпен қамтамасыз етілетін болады», деді С. Әбденов.