18:42, 02 Маусым 2010 | GMT +5
Үкімет пен Кәсіподақтары федерациясы арасында шешімін таппаған түйткілді проблемалар жоқ - С. Мұқашев
аусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Үкімет пен Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы арасында шешімін таппаған қандай да бір түйткілді проблемалар жоқ. Ертең Астанада өтетін Кәсіподақтар федерациясының ХХII съезінің қарсаңында оған қатысушы делегаттардың Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен кездесуінде аталмыш федерацияның төрағасы Сиязбек Мұқашев осылай айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, Үкімет пен Кәсіподақтар федерациясы арасында анда-санда қандай да бір мәселелер туындап жатады. Ал, жалпы алғанда тараптар бір-бірін қолдап, өзара түсіністікте жұмыс істеп келеді. «Біздердің арамызда ешқандай да мәселелер жоқ. Біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және басқа да салалық министрліктермен бірге өзара тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз», деді С. Мұқашев.
Оның сөзіне қарағанда, осы жылдар ішінде Қазақстанның кәсіподақтары үшін соңғы бес жыл барынша жемісті болды. Қазіргі таңда еліміздегі кәсіподақтарға 2 миллионнан астам адам мүше.