Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарды нақты мәселелерді шешуге жұмылдыруға күш салып отырмыз ? Е.Қарин

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Біз қазіргі таңда Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарды нақты мәселелерді шешуге жұмылдыруға күш салып отырмыз. Бүгін елдегі дағдарыс мәселесіне байланысты журналистермен кездескен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин осылай айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Е. Қариннің сөзіне қарағанда, осы мақсатта партия өкілдері өткен жылдың қазан айында аймақтағы проблемаларға байланысты арнайы карта жасау жұмысын қолға алған. «Бұл - республикадағы барлық елді мекендердің және ондағы проблемалардың тізімі. Біз елдегі барлық елді мекендер бойынша мониторинг жүргізіп, ондағы ең маңызды деген мәселелерді анықтадық. Біз картаға сонымен қатар өзектілігі орта деңгейдегі және аса маңызды емес деген проблемаларды да енгіздік», - деді ол.«Нұр Отан» партиясының Мониторинг және әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар департаментінің директоры Бауыржан Әбдішевтің айтуынша, қазір республикадағы 7 мың 443 елді мекеннің 1 мың 346-сында 1 мың 917 түйінді мәселе бар. Олардың басым бөлігі - тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, байланыс сияқты салалардағы проблемалар. «Картаның қызметін пайдалану бізге аймақтағы өзекті жайттардың тұрақты шешілуін қамтамасыз етіп, жергілікті органдардың назарына нақты әрі жедел шешімін күтіп тұрған проблемаларды жеткізуге мүмкіндік береді», - деді департамент директоры.
Соңғы жаңалықтар