Үкімет рұқсат беру құжаттарын тағы да 30 пайызға қысқартпақ

«Заң жобасымен анықталған 1096 рұқсат құжатының жоғары қауіп-қатерден қауіпсіздендіруді қамтамасыз етуге әсер етпейтін 257-сі алынып тасталып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндрімейтін 40 хабарландыру тәртібіне алмастырылады. Жалпы, рұқсат беру құжаттарының шамамен 30 пайызы қысқарады»,-деді ол.
Министрдің атап өтуінше, қысқартуға жататын рұқсат беру құжаттарының басым бөлігі көлік және коммуникация, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау министрліктері мен құрылыс ісі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық агенттігіне тиесілі.
Жалпы, заң жобасы бизнес қоғамдастықтардың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы әрі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген. Оны әзірлеу барысында заңнамаларға аудит жүргізіліп, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою бойынша кәсіпкерлердің ұсыныстары жинастырылған. Өз кезегінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов құжатты Министрлер кабинетінің келесі отырысына дейін тағы бір пысықтап, содан кейін қабылдауды және Парламент қарауына жіберуді ұсынды.