Үкімет сағаты агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруге арналады

АСТАНА. Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан қандай жобалар бар?  Алдағы міндеттер мен жоспарлар қандай? Осы мәселелер бойынша депутаттарға алдағы дүйсенбі күні ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев жауап береді,

Үкімет сағаты агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруге арналады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарашаның 9-ы, дүйсенбіде Мәжілісте «Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру туралы»  тақырыбында Үкімет сағаты өтетіні жоспарланып отыр.

Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев баяндама жасайды. Сонымен қатар, осы мәселе бойынша депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.