13:52, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Үкімет сағатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бағыттары сөз болады
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Қаңтардың 19-ы, дүйсенбі күні Мәжілісте «Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі жұмыс барысы туралы» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет сағатында Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев өзі жетекшілік жасайтын саланың алға ұстанған бағыттары мен мақсаттары жөнінде баяндама жасайды.
Осы мәселе төңірегінде агенттік төрағасы депутаттардың сұрақтарына жауап береді.