Үкімет сағатында астық саласының жай-күйі мен болашағы жөнінде мәселе қаралады
ТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 10 қазан күні, сағат 10-да Мәжілісте «Астық саласының жай-күйі мен болашағы» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді, деп хабарлайды Мәжілістің Баспасөз қызметі.
Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша Қазақстан Республикасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндама жасайды. Сонымен қатар баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.
Үкімет сағаты Мәжілістің отырыс залында сағат 10-00-де басталады.