Үкімет сағатында азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру жөнінде мәселе қаралады

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 15 қараша күні, Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді. Бұл күні парламентшілер «Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралары туралы» деген тақырыпты талқыға салады.

Үкімет сағатында азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру жөнінде мәселе қаралады

Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко баяндама жасайды. Сонымен қатар баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.

Үкімет сағаты Мәжілістің отырыс залында сағат 10-00-де басталады.