Үкімет сағатында БЭК аясындағы бәсекелестік мәселелері талқыланатын болады

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 16 қыркүйекте Парламент Мәжілісінің отырыс залында Үкімет сағаты өтеді. Онда «Бірыңғай экономикалық кеңістік мемлекеттерінің Бәсекелестік туралы модельдік заңы ұлттық заңнаманы үндестірудің негізі ретінде» деген тақырып қамтылмақ. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Үкімет сағатында БЭК аясындағы бәсекелестік мәселелері талқыланатын болады

Үкімет сағатында Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов баяндама жасайды деп күтілуде. Сонымен қатар, агенттік басшысы депутаттар тарапынан көтерілген мәселелерге жауап беретін болады.