Үкімет сағатында білім беруді дамытудың жай-күйі мен болашағы туралы мәселе қозғалады
СТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, наурыздың 29-ы күні Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді. Бұл күні парламентшілер «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жай-күйі мен болашағы» деген тақырыпты талқыға салады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев баяндама жасайды. Сонымен қатар баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап береді.