Үкімет сағатында депутаттар алдында Асқар Жұмағалиев есеп береді
АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - 28 мамыр, дүйсенбі күні Мәжілісте болатын Үкімет сағаты «Инфо-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту нәтижелері» тақырыбына арналады.
Бұл жөнінде Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталған тақырып бойынша депутаттар алдында ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев баяндама жасайды. Министр Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауын іске асыру үшін ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстар жөнінде түсінік бермек. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын іске асыру мақсатында министрлік алдында тұрған негізгі міндеттерге тоқталады деп күтілуде.
Үкімет сағатында баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап береді.