Үкімет сағатында депутаттар Төтенше жағдайлар министрлігінің атқарған қызметімен танысады
АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - 21 мамыр, дүйсенбі күні, Мәжілісте Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы 2011 жылғы және 2012 жылдың I тоқсанындағы қызметінің қорытындылары туралы» Үкімет сағаты өтетіні жоспарланып отыр.
Осы мәселе бойынша депутаттар алдында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко баяндама жасайды.
Үкімет сағатында аталған министрліктің атқарған қызметі туралы толыққанды мәлімет беріледі деп күтілуде.
Сонымен қатар баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап береді.